Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы

«Ақмола облыстық онкология диспансері» ШЖҚ МКК

Этикалық кодекс

БЕКІТЕМІН

«Ақмола облыстық
онкологиялық диспансері»
 ШЖҚ МКК-ның бас дәрiгерi

________М.А.Оспанов

                                                                                             11-қаңтар 2016ж

 

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық онкология диспансері» ШЖҚ МКК-ң

ЭТИКАЛЫҚ   КОДЕКСІ

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ.

Біздің мандат:

«Онкологиялық  аурулармен күресте қазіргі жаңа және ең сенімді  медициналық технологиялар мен білімді қолдана отырып, әрбір пациенттің денсаулығын қалпына келтіру мен сақтауға  қамқорлық  жасау».

Біздің мақсат:

- 2016-2020 жж. арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда нәтижелілік көрсеткіштерге қол жеткізу.

- 2016-2020 жж. арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру индикаторлары.

 

Біздің қағидаттар:

1.      Қызметтің заңдылығы мен тәртіптілігі – біз еліміздің денсаулық сақтау саласын жетілдірудің және дамытудың жалпы стратегиясы көлемінде,  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, «ДенсаулықҚазақстан» мемлекеттік бағдарламасы көлемінде әрекет етеміз.

2.      Пациенттерге  қамқорлық -  біз пациенттерді тексеру мен  емдеудегі сабақтастықты  ұстанамыз,  жеке және кешенді тәсілдемені қамтамасыз етеміз,  адамның денсаулығына ұқыпты қараймыз.

 

3.      Қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз жоғарылату -  медициналық қызмет көрсетудің сапасы әрбір қызметкердің кәсіби біліміне тәуелді.  Біз әрбір қызметкердің кәсіби жетілуіне қызығушылық танытамыз.  Біз, әрбір қызметкер өзінің жеке жетістіктерін біздің жалпы ісіміздің жетістіктерімен байланыстыра отырып,  диспансердің қарқынды дамуына  үлес қосуға мүдделі  екеніне  сенімдіміз. 

4.      Бірлесушілік – біз  ұжымдық шығармашылықты ынталандырушы,  ұжым мүшелері, медициналық қызметкерлер мен пациенттер арасында  өзара сенімді ұялататын және сыйластықты қалыптастыратын   бірлескен мәдениетті, этика мен деонтологияны қолдаймыз. 

 

Біздің құндылықтар: - кәсібилік;

                             - мейірімділік;

                             - пациенттің құқығын сыйлау;

                             - әріптестің құқығын сыйлау;

                             - жауаптылық.

    «Ақмола облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК-ны медициналық қызметкерлерінің  кәсіптік этика Кодексі (бұдан әрі  Кодекс)  кәсіптік медициналық  қызметті жүзеге асыру кезіндегі медициналық қызметкерлер әрекетінің принциптерін және этикалық нормалары жиынтығын айқындайтын құжат. Бұл Кодекс медицина қызметкерлері, қоғам және пациенттер арасындағы  қарым-қатынасты айқындайды және олардың  құқығын, абыройын, денсаулығын қамтамасыз етуге  бағытталған, сонымен қоса медицина қызметкерінің қызметі бойынша қоғам  алдындағы жоғары моральды жауапкершілігін айқындайды.

I БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. «Медициналық қызметкер» түсінігі.

Бұл Кодексте медицина қызметкері түсінігі жоғары немесе орта арнаулы медициналық білімі бар мамандар, медициналық қызмет көрсетуге қатысатындар, аурудың даму қауіпін ескерту және оны алдын алуға бағытталған  алдын алу шараларын өткізетін мамандар болып табылады.

2-бап. Кәсіптік қызметтің мақсаты.

Медициналық қызметкердің кәсіптік қызметінің мақсаты – адам өмірін сақтау, оның денсаулығын қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу, барлық диагностикалық, алдын алу, оңалдыру және паллиативтік медициналық көмек түрлерін сапалы көрсету.

3-бап.Қызмет принциптері.

Өзінің қызметінде медициналық қызметкер Қазақстан Республикасы заңнамаларын, көбіне  денсаулықты қорғау және медициналық көмекке азаматтардың құқығы, дәрігер анты, адамгершілік және қайырымдылық принциптерін басшылыққа алады. Медициналық қызметкер өзінің біліктілігі мен міндетіне сәйкес азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне барлық күшін ұсынуға, оның көрсететін көмегінің сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етуге  міндетті.   Медициналық қызметкер адамдардың жынысына, жасына, ұлтына, тұрғылықты мекен-жайына, әлеуметтік деңгейіне, діни және саяси сеніміне, сонымен қатар,  басқа медициналық емес факторларға қарамай-ақ кез келген адамға  медициналық көмек көрсетуге міндетті.

Медициналық  қызметкер өздерінің кәсіптік білімі мен дағдыларын, білімдарлығын үнемі жетілдіруі керек. Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне, лауазымдық нұсқаулықтарға, қызметтік  міндеттеріне сәйкес сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз етуге, соның ішінде адамгершілікке жауапты болады. 

Медициналық қызметкердің  адамгершілік  міндеті медициналық бірлестік қатарында тазалықты сақтауға, әріптестерінің қателіктерін өзінікі секілді алаламай талдауға  міндетті.  Тәжірибеде қиянатшыл және жете білмейтін, сонымен қатар әр қилы  түрдегі кәсіптік емес пациенттің денсаулығына залал келтірген әріптестерге жол бермеу.

Қоғамдағы медициналық қызметкердің рөлін ескере отырып, ол қоғамдық іс-шараларға әсіресе, салауатты өмір салты насихатталатын шараларға қолдан келгенше қатысуға және қолдауы керек. 

4-бап.Медициналық қызметкерге рұқсат етілмейтін әрекеттер.

Өзінің кәсіптік қызметіне сыйыспайтын медициналық қызметкер ережесін және білімін теріс пайдалану.

Медициналық қызметкер құқылы емес:

- Өзінің білімінің маңыздылығын адамгершілікті емес  мақсатта пайдалануға;

- Жеткіліксіз негіздерде медициналық шаралар қолдануға немесе оны көрсетуге;

- Пациентті жазалау мақсатында медициналық әрекеттер әдісін пайдалануға;

- Пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын айтуға;

- Пациентке физикалық, құлықтық немесе материалдық залал келтіруге;

Медициналық қызметкердің жеке қате түсінігі және басқа да кәсіптік емес себептері диагностика мен емдеуге ықпал етпеуі қажет.

Пациенттің ұсынылған ақылы медициналық көмектен бас тартуына  сапа мен қол жетімділіктің  төмендеуі және Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамаларындағы  тегін мемлекеттік кепілді медициналық көмектің түрлері мен көлемінің азаюы себеп болуы мүмкін емес.

Пациенттен және пациентке сыйлық жасау міндетті емес, бұл сыйлық бермеген не сыйлық алмаған пациентте оған аз қамқорлық көрсететіндей  әсер тудыруы мүмкін.

Сыйлықтар қызмет үшін айырбас ретінде қабылдануы немесе берілмеуі тиіс.  Сыйлықтарды ақшалай немесе қымбат сыйлықтар түрінде алуға тыйым салынады.

Медициналық   қызметкер өзінің жағдайын, пациенттің эмоциялық жағдайын  пайдаланып онымен мүліктік келісімдер жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта қолдануға, сонымен қатар қорқытып алушылықпен және пара алушылықпен айналысуға құқығы жоқ.

Медициналық қызметкер пациентке емделу курсын белгілегенде  қолданылатын дәрілік препараттар, медициналық бұйымдар, соның ішінде пациенттен біршама арзан тұратын дәрілік препараттар, медициналық бұйымдардың бар екендігін жасыруға,   күмәнді, толық емес немесе бұрмаланған ақпарат  беруге қақысы жоқ.

Медициналық қызметкер өзінің лауазымдық міндеттерін атқарған кезде  ұстамдылықты сақтауға және  қандай да бір заттардың әсерінде болмауы керек.

5-бап. Кәсіптік тәуелсіздік.

Медициналық қызметкердің құқығы және міндеті –өзінің кәсіптік тәуелсіздігін сақтауға. Медициналық қызметкер балаларға, қарттарға, әскери міндеттілер мен азаматтық тұлғаларға,  жоғары сатыдағы  жетекшілерге, күзетте ұсталатын тұлғаларға медициналық көмек бере отырып, медициналық қызметкер кәсіптік шешім қабылдауға жауапкершілікті толықтай өзіне алады, кез келген әрекет қысымдарды әкімшіліктен, пациенттен және басқа да тұлғалардан ауытқытуға міндетті.

Медициналық қызметкер  егер ол Қазақстан Республикасы заңдарына, этикалық принциптерге, кәсіптік парызға қарсы әрекет етуді талап етсе, онда  кез келген жеке және заңды тұлғалармен серіктесуден бас тартуы қажет. Сараптамаларға, консилиумдарға, комиссия, кеңестерге және т.б. қатыса отырып медициналық қызметкер өзінің бағыты туралы ашық және анық айтуға, өзінің дегенінде тұруға, ал егер оған қысым жасалған жағдайда заңды және қоғамдық қорғау органдарына баруға міндетті.

 

II БӨЛІМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР МЕН ПАЦИЕНТТІҢ  

ӨЗАРА ҚАРЫМ –ҚАТЫНАСЫ.

6-бап. Пациенттің ар-намысын және абыройын сыйлау.

Медициналық қызметкер пациенттің ар-намысы мен абыройын сыйлауға, оған және оның туысқандарына ықыласты және сабырлы қарым-қатынаста болу керек.

Пациентке деген дөрекі және адамгершілікті емес қарым –қатынас, оның адамдық абыройын кемсіту, сонымен қатар кез келген артықшылықты көрсету немесе басқа пациенттерден артық көру не болмаса медициналық қызметкер тарапынан жек көру рұқсат етілмейді.

7-бап.Медициналық көмек көрсету жағдайы.

Медициналық қызметкер пациенттің абыройы мен бостандығын қысудың төменгі мүмкіндік жағдайында медициналық көмек көрсетуі тиіс.

8-бап.Мүдделердің дауы.

Пациент-қоғам, пациент-отбасы және т.б.жөнінде мүдделер дауы туындаған жағдайда медициналық қызметкер  пациенттің  мүддесіне  жоғары  баға  беруі керек,  тек олардыңжүзеге асырулары  өзіне  немесе айналасындағыларға тікелей зиян келтірмеуі қажет.

9-бап. Медициналық құпия.

Пациент медициналық қызметкердің   барлық медициналық және өзіне сенілген  жеке ақпараттарды сақтайтынына сенуге құқылы. Медициналық қызметкер пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз  тексеріс пен емделу барысында,  медициналық көмекке жүгінген фактіні қосқанда алынған мәліметтерді таратуға құқығы жоқ.  Медициналық қызметкер медициналық құпияны жариялағандарға кедергі жасап, жазалау шараларын қолдануы керек. Пациенттің өлімі  медициналық құпияны сақтау міндетінен  босатпайды.   Медициналық құпияны тарату Қазақстан Республикасының қарастырылған заңнамалары бойынша ғана рұқсат етіледі.

10-бап. Өлім аузында жатқан пациентке моральдық  демеу беруі.

Медициналық қызметкер  өлім аузында жатқан пациенттердің  азабын барлық мүмкін және  ашық амалдармен  жеңілдетуге  міндетті.  Медициналық қызметкер  пациенттің қалауы бойынша   кез келген  діни қызметкердің  рухани  демеуін пайдалануға кепілдік беруге міндетті.

11-бап.Медициналық қызметкерді таңдау.

Медициналық қызметкер  өзінің бұдан арғы емделуін басқа маманға сенуге шешім қабылдаған пациентке  бөгет жасауға  құқығы жоқ.

Медициналық қызметкер пациенттің басқа маманға жолдау арқылы мынадай жағдайларда онымен  жұмыс істеуден бас тарата алады:

-           егер өзін жеткіліксіз хабарланғандай сезінсе,  міндетті көмек түрін көрсету үшін қажетті техникалық мүмкіндіктердің болмауы;

-          медициналық көмектің осы түрі маманның өнегелі принциптеріне қайшы болса;

-          емделу және тексеру жоспарында пациентпен немесе оның туысқандарымен қайшылық туындаса;

III БӨЛІМ. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ

ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

 

12-бап. Әріптестер арасындағы өзара қарым-қатынас.

Медициналық қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас өзара сыйластық, сенімділікке құрылуы керек  және пациент мүддесін сақтаудан ажыратылуы керек. Өзара әріптестер арасында медициналық қызметкер адал, шыншыл,  қайырымды, тәртіпті болуы керек, олардың білімі мен тәжірибесіне сыйластықпен қарауы, сонымен қатар өзінің тәжірибесі мен білімін  риясыз беруге дайын болуы керек.

Әріптестерге айтылған сын аргументті және оны қорламайтын дай болуы керек.  Сынға оның  жеке басы емес тек кәсіптік әрекеті жатады. Әріптестерді сынау арқылы өзінің жеке беделін нығайту амалдарына жол берілмейді.  Медициналық қызметкер  пациенттердің  және оның туысқандарының  алдында  өзінің әріптесі және оның жұмысы туралы теріс пікір айтуға құқығы жоқ.

 

IV БӨЛІМ.  ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС ӘРЕКЕТІНІҢ КӨЛЕМІ, ОНЫ БҰЗУҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК, ОНЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ

13-бап. Этикалық кодекстің әрекет жасауы.

Бұл кодекс «Ақмола облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК-да әрекет етеді және барлық медициналық қызметкерлер үшін міндетті күші бар.

14-бап. Медициналық қызметкердің жауапкершілігі.

Кәсіптік этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік дәрежесі  диспансердегі этика туралы комиссиямен анықталады.  Егер этикалық нормаларды бұзу бір уақытта құқықтық нормаларды да қозғаса медициналық қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 

 

Ескерту: Кодекс «Ақмола облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК-ның  аурухана кеңесінің 25.05.2012ж №5 хаттамасында қабылданды.

Басып шығару

  • Icon 01

  • Icon 01

  • Послание Президента Республики Казахстан

     
  • Icon 01

  • Icon 01