Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы

«Ақмола облыстық онкология диспансері» ШЖҚ МКК

Ақмола облыстық онкология диспансер туралы

«Көкшетау облысы онкологиялық қызметті ұйымдастыру туралы» Көкшетау  облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 21.05.1956 жылғы № 94 бұйрығы, облыстық аурухана базасында онкологиялық аурулармен науқастарды емдеуге арналған 25 төсек орнына бөлімшені ұйымдастыру.

1962 жыл – жеке ғимарат бөлінді, төсек қоры 40-қа дейін арттырылды, 10 орынға пансионат ұйымдастырылды, емдеудің сәулелік әдісі мен диагностикасында  рентгенологиялық және гистологиялық  әдіс-тәсілдер енгізілді.

1967 жылы  жеке ғимарат бөлінді (Узкая колея  көшесі, 11), төсек қоры 100-ге дейін арттырылды,  40 төсекке хирургия бөлімшесі және 60 төсекке химиосәулелік терапия бөлімшесі құрылды.

Көкшетау облыстық атқарушы комитеттің 30. 07. 1986жылғы  № 420  шешімімен 180 төсек қорына арналған облыстық онкологиялық диспансердің типтік ғимаратының құрылысы басталды, ол   26.01.1990 жылы  аяқталып, пайдалануға берілді. 

 

Жалпы хирургия бөлімшесінде  – 60 төсек, химиотерапия бөлімшесінде – 40, радиология бөлімшесінде – 55 төсек, сонымен қатар облыста алғаш рет 25 төсекке  кеуде хирургия бөлімшесі  ұйымдастырылды.

 

Ақмола  облыстық онкологиялық диспансерін қаржыландыру.

 

Онкологиялық науқастарды химиотерапиямен емдеу үшін диспансердің жылдық  бюджетінен 52% жұмсалады. 

2012 жылдан бастап Жаһандық бюджет қағидаты бойынша кәсіпорынды қаржыландырудың жаңа үлгісі енгізілді.  Осыған байланысты қаржыландыру көлемі 66%-ға артты.  Негізгі  үлесті жұмсау құрылымында медициналық дәрі-дәрмектер  – 67%,  оның ішінде  қымбат тұратын химиялық препараттарды қамтамасыз етуге 78% кіреді. 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде сәулелік аппараттар  паркі жаңартылды. Жыл сайын 40%-ға жуық онкологиялық науқас  сәулелік терапия  қабылдайды.

Жыл сайын 800-ге жуық операция  жүргізіледі.  Хирург дәрігерлердің біліктілігі мен тәжірибесі, жабдықтармен және дәрі-дәрмектік препараттармен жарақталуы  бүкіл органдарға операция жүргізуге мүмкіншілік туғызады.

 

Жыл сайын диспансердің стационарында  3500-ге жуық онкологиялық науқастар емделуден өтеді.  Емделудің аз шығынды станционар алмастырушы  формасы  белсенді дамып келе жатыр.  Соңғы жылдары  аталған медициналық көмекті көрсету көлемі 2,5 есе артты. 

«Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 Бұйрығы негізінде амбулаторлық химиотерапия кабинеті ұйымдастырылды, онда жыл сайын 1800-ден артық пациенттер ем алады. 

 

Амбулаторлық химиотерапия құрамына заманауи жоғары тиімділікті таргеттік препараттар кіреді.

Зерттеудің иммуногистохимиялық әдісі де ұйымдастырылды, ол емделудің тиімді әдісін таңдауға, емделу нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Диспансердің цитологиялық зертханасы заманауи диагностикалық жабдықтармен жарақталған.  Сұйықтық цитология әдісінің скринингі есебінен жатыр мойны обырын ерте диагностикалаудың үлестік салмағы  12%-ға ұлғайды.  Зертхананы жабдықтауға облыстық бюджет есебінен 22 млн.теңге бөлінді,  аталған скринингті жүргізуге шығын көлемі 2 есе артты. 

 

Облыста 10 маммограф бар.  Жыл сайын  маммографиялық скринингтен  30 000 жуық әйелдер өтеді.  Скринингтің  арқасында сүт безі обырын ерте диагностикалаудың үлестік салмағы  14%-ға артты. 

 

 

 

 

Аудандық онкологтардың, РДСДО өкілдерінің, Ақмола облысының статистика жөніндегі Агенттік қызметерлерінің  қатысуымен онкологтар күні тұрақты ұйымдастырылады. 

Онкология мәселелері Денсаулық сақтау басқармасының,   РДСДО-ң, СӨҚО-ң және онкодиспансердің  мамандарымен бірге дөңгелек үстел  аясында  талқыланады. 

Маммолог дәрігерлер, рентгенлаборанттар және аудандық онкологтар үшін  сүт безі обырын ерте диагностикалау бойынша мастер – кластарды Астана қаласының медициналық академиясындағы  сәлелік  терапия  кафедрасының қызметкерлері жүргізеді.  

Асқынған жағдайларды талқылау  БМССК дәрігерлерінің қатысуымен ұйымдастырылады.  

Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институты онкологиялық қызмет жұмысында ұйымдастырушылық-әдістемелік көмектер көрсетеді. 

Диспансерде 33 дәрігер жұмыс істейді, жиынтықталу - 63%.  Дәрігерлердің орташа жас ерекшеліктері 40 жасты құрайды.  Соңғы бір жарым жылда  6 жас дәрігер қабылданды, оларға  көмектің әлеуметтік пакеті көрсетілді (көтермеақы,  тұрғын-үй, қайта даярлауға  кеткен шығынның  орнын толтыру).  Болашақ дәрігерлерді  даярлау  мақсатында  студенттермен оқуының  50%  мөлшердегі  құнын  төлей отырып,  3 жақты шарт жасалады.    

16 дәрігердің, 15 орта медициналық қызметкерлердің біліктілік санаттары бар.  

Соңғы үш жылда кәсіпорын қаражаты есебінен онкология, радиология,  химиотерапия және  рентгенология бойынша 6 дәрігер қайта даярлаудан өтті. 

 

Жыл сайын 30%-ға жуық  дәрігер  және  46%-ға жуық медициналық бикелер біліктіліктерін жоғарылату циклынан өтеді. 

«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 Бұйрығына сәйкес  штатқа  психолог және әлеуметтік қызметкер  мамандары енгізілді. 

20 төсекті онкологиялық науқастарды қалпына келтіру және паллиативтік көмек   беру бөлімшесі ашылды. Бөлімшенің қызметі жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. 

Жыл сайын жалақы төлеуге диспансердің бюджеттік қаражатынан  30%-ға жуығы жұмсалады. 

Орташа жалақы мөлшері дәрігерлерде  128 мың теңге, орта медқызметкерлерде  – 80 мың теңге, кіші медқызметкерлерде – 45 мың теңгені құрайды.

2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық бағдарлама шеңберінде  ауысымына 150 келушіге арналған жаңа емхананың құрылысын салумен,  диспансердің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарланып отыр.

 

 

Ағымдағы жылда кәсіпорын  құны 320 млн.теңге тұратын 64-қималы компьютерлік томографпен жарақталатын болады.  

 

 

 

Лизингтік бағдарлама бойынша  гастроскопты эндобейнетірек, 2 УДЗ аппараты, 2 наркозды-тыныс  алу  аппаратын сатып алу жоспарланып отыр.

 

 

Ұйымның  МАНДАТЫ

«Онкологиялық  аурулармен күресте қазіргі жаңа және ең сенімді  медициналық технологиялар мен білімді қолдана отырып, әрбір пациенттің денсаулығын қалпына келтіру мен сақтауға  қамқорлық  жасау».  

 
 

  • Icon 01

  • Icon 01

  • Послание Президента Республики Казахстан

     
  • Icon 01

  • Icon 01