Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы

«Ақмола облыстық онкология диспансері» ШЖҚ МКК

Сүт безі обырын және обыралды ауруларды өзін-өзі тексеру арқылы ерте айқындау

Бұл тәсіл арқылы кез келген әйел үйде уақытында сүт безіндегі кез келген өзгерістерді анықтайды және тиісті маманға кеңес алуға жүгіне алады.

СҮТ БЕЗІН ӨЗІНДІК ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

Сүт безін өзіндік тексеру сүт безі обырын және обыралды ауруларды ерте айқындаудың сенімді әдісі ретінде көптеген елдерде кеңінен тараған. Келтірілген суреттерде, өзін-өзі қалай дұрыс тексеру жолдары көрсетіледі.

Алдымен:

1. Айнаның алдына тік тұрыңыз. Өзіңіздің сүт бездеріңізді мұқият қараңыз. Емшектің пішінінде қандай да бір керілу, тартылу немесе басқа өзгерістерге мұқият көңіл бөліңіз.

2. Енді оң жаққа жартылай бұрылыңыз – сол жақ емшегіңізді қараңыз.

3. Одан әрі жартылай сол жаққа бұрылыңыз – оң жақ емшегіңізді қараңыз.

4. Қолыңызды басыңызға қойыңыз және осы қалыпта қос емшектегі сүт бездерін тексеріңіз.

5. Оң жақ алақанмен жалпағынан сол жақ сүт безінде қатаю, ісінудің бар-жоғын сипалап қараңыз.

6. Егер кеудеңіз үлкен болса, онда оны астыңғы жағынан ұстап тұру қажет: сол қолмен оң жақ емшекті, оң жақты – оң қолмен, ал қарама-қайшы қолдың алақанымен жалпағынан сүт безін алма-кезек сипалап көріңіз.

7. Енді жатыңыз, оң қолыңызды бастың астына салыңыз, ал сол қолдың алақанымен оң жақ емшекті ұстап көріңіз. Дәл осылай сол жақ емшегіңізді тексеріңіз.

 

Сүт безін тексеру кезінде келесілерге көңіл аударыңыз:

 

Қорытынды сізге жуық арада жолданады

  • Icon 01

  • Icon 01

  • Послание Президента Республики Казахстан

     
  • Icon 01

  • Icon 01